$ 448.56  478.03  4.79

Қызылорда облысында есірткі еккендер ұсталды

Оқиға орнын тексеру барысында 404 түп салмағы 70 келіге жуық  жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккендігі анықталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі еккендерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 "Қарасора-2020" жедел профилактикалық іс шарасы барысында Қармақшы ауданы Төребай би ауылынан 50 шақырымдай жерде  404 түп сора өсімдігін еккені анықталды.

 Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда қаласының  58 және 29 жастағы тұрғындары  ұсталды. Оқиға орнын тексеру барысында 404 түп салмағы 70 келіге жуық  жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккендігі анықталды. Қазіргі таңда күдіктілер Қармақшы АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

 Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары