$ 444.32  473.33  4.76

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді

Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жол-көлік оқиғасы 16 қыркүйекте сағат 11:20 шамасында болды. «Mercedes Benz» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі мейрамхана тұрағынан шығып, жолдағы қауіпсіздік ережесін ескермеді.

Рөлде отырған әйел жан-жағына қарамастан бұрылған. Салдарынан «ПАЗ 320402» маркалы автобуспен соқтығысты.

 «Жол апаты кезінде «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың 7 жолаушысы дене жарақатымен Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жүгінді. Сондай-ақ автобустың бір жолаушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары