Оқиғалар 22.09.2020 сағат 14:40

«Оның шашынан сүйредім»: Ақтөбе облысында сыныптасын ұрып-соққан оқушы қыздар кешірім сұрады

Бұл оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған еді.
«Оның шашынан сүйредім»: Ақтөбе облысында сыныптасын ұрып-соққан оқушы қыздар кешірім сұрады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбеде сыныптасын ұрып-соққан қыздардың кешірім сұрағаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода төбелес шығарған қыздардың сыныптасының ата-анасынан кешірім сұрағаны көрінеді.

"Адам қатты ашуланғанда не істемейді, сондықтан мен оның шашынан сүйредім. Мен осы үшін кешірім сұраймын, бұл менің кінәм, бәріне жауап беремін, ешкім кінәлі емес, қыздар қасымда жай жүрді. Мен оны құшақтап, кешірім сұрадым, мені кешіріңіз, бұл ашуланғандықтан болды. Кешеден бері жылап жүрмін", - дейді қыз видеода.

Еске салайық, мұның алдында ақтөбелік оқушы қыздардың төбелесі түсірілген видео тараған болатын. Бұл оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған еді.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар