Швейцарияда футбол алаңына ойнап жүрген 14 жасөспірімге найзағай түсіп, олар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Мәліметтер бойынша найзағай әуелі шам бағанына түскен. Заряд жерге тарап, одан соң футбол алаңына жайылды», - дейді полиция.
Оқиға салдарынан 15-16 жас аралығындағы 14 жасөспірім ауруханаларға жеткізілді. Олардың бірі тікұшақпен жөнелтілді. Прокуратура мен полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.