Ақмола облысында апат салдарынан 3 адам, оның ішінде Көкшетаудағы танымал кәсіпкер Владимир Свидерский көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
716.kz сайтының хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні кешке Нұр-Сұлтан - Петропавл автожолының 285-ші шақырымында болды. Кәсіпкер басқарған Range Rover көлігі қисық жолаққа соқтығысып, көлік аударылып қалған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмаған.
Апат кезінде көлікте 5 адам болыпты. Свидерский мен 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов сол жерде қаза тапты. Тағы бір жолаушы – 1963 жылы туған Валерий Бевзовой ауруханада көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Свидерский мен серіктерінің сол кезде елордаға бет алғаны анықталды.