$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда сарбаздың басына оқ тиді

Ол ауруханада жатыр.
Фото: depositphotos
Фото: depositphotos

Ақтауда әскери бөлімде сарбаздың басына оқ тиген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың мәліметіне қарағанда, оқиға 3502 әскери бөлімінде болған.

«Қатардағы жауынгердің басына оқ тиді. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп жоқ. Оқиға себебі мен мән-жайы анықталады. Қылмыстық қудалау органдары соталды тергеу жүргізіп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары