$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде жарылыс болды

Дауыл оларды қайықтарымен қоса Жамбыл облысының аумағына алып кеткен. Балықшылар құтқарушылармен үнемі телефонда байланыста болған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Өскеменде бұрынғы Жібек маталар комбинаты орналасқан ықшам ауданда кешкі уақытта жарылыс болып, ел-жұрттың үрейін ұшырды. Жалпы мұндай жағдай аталған ауданда алғаш рет болып тұрған жоқ. Осыған дейін де талай жарылыс жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бұл жолғы жарылыстың қатты болғаны соншалық, тіпті тастарды ұшырған. Пәтерлердің терезелері шытынаған. Көшедегі электр  сымдарынан от шыққан. Өз өмірлері мен баспана қауіпсіздігіне алаңдаған тұрғындар жергілікті билік пен құрылысшылардан жауап күтеді. 

Күні кеше Ақтауда тіркелген тілсіз жау төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлерді аяғынан тік тұрғызды. Таңғы сағат  7-лер шамасында қаланың орталығындағы  азық-түлік базарынан өрт шықты. Қызыл жалын 750 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің қатты болғаны соншалық, 2 қатардағы 17 сауда  нүктесі  мен 14 контейнер және  шатыр астындағы 60-тай сөре түгел жанып кетті. Абырой болғанда бұл уақытта базарға сатушылар да, сатып алушылар да келе қоймаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. 

"9 сағат 16 минутта өрт оқшауланды. 10 сағат 27 минутта өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.  Өртке 132 адам және 39 дана техника жұмылдырылды. Ол төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полиция департаментінің қызметкерлері",- деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары
Бекболат Әбдіқадыров.

Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды. Балқаш көліне балық аулауға шыққан Сарышаған кентінің 3 тұрғыны ауа райының қолайсыздығынан қиындыққа тап болады. Қатты толқын көтеріліп, маторлы қайықтың қозғалтқышы істемей қалған. Дауыл оларды қайықтарымен қоса Жамбыл облысының аумағына алып кеткен. Балықшылар құтқарушылармен үнемі телефонда байланыста болған. Соның нәтижесінде Приозерск қаласының құтқарушылары оларды жағадан 30 шақырым жерден  тауып алып, жағаға жеткізді. Балықшылар ажалдан аман алып қалған құтқарушыларға алғыстарын жаудырды. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға күн райы құбылмалы кезде көлге шығу өте қауіпті екенін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары