$ 449.58  486.94  4.86

Таразда тұрғын үй өртеніп, 2 баланың мәйіті табылды

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б.-бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, екі бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«1 қазанында сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туылған екі баланың мәйітін тапқан», - делінген хабарламада. 

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б.-бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жамбыл облысының полиция және төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары