$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда мұздатқыштан табылған шақалақ өздігінен тыныс алған

Қылмыстық істің сотта қаралып жатқанына 4 айдан асты. Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты бас дәрігерден бөлек, оның төрт әріптесі айыпталып отыр
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Атырауда перзентханадағы мұздатқышқа салынған шақалақ, туғанда өздігінен тыныс алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Астана арнасына сілтеме жасап.

 Сараптама осындай қорытынды шығарыпты. Бұл туралы бүгін сот отырысында белгілі болды. 

Қоғамдық резонанс туғызған қылмыстық істе куәгерлерден жауап алу жүріп жатыр. Сот отырысан қатысып қайтқан аймақтағы әріптесім толықтарды. Сот отырысына Қарағандыдан сот медициналық сараптама орталығы маманы ғаламтор арқылы онлайн қосылды. Куәгер ретінде қатысып жатқан орталық маманы жаңа туған нәресте өздігінен тыныс алған деді. Оған өкпеге жиналған оттегі - дәлел бола алатынын айтты. Сараптама былтыр қараша айында жүргізген.

"Нәрестенің өкпесі тірі баланікі сияқты, өздігінен тыныс алған. Сәбиде өкпесі оттегіге толған кезде формасы өзгереді. Тағы бір белгісі капилляры оттегіні жұтқанда қанға толған. Мұндай белгілердің барлығы баланың тыныс алғанын дәлелдейді", - дейді куәгер Венера Шағапова.  

Шақалақтың мұздатқышқа бармай тұрып, тыныс алғанын Нұр-Сұлтаннан байланысқа шыққан әріптестері де растады. Астана медициналық университетінің қызметкері гистологиялық зерттеу жасаған.

"Мен гистологиялық зерттеу нәтижесінде өкпесі ауаға толған. Нәресте тыныс алған", - деді куәгер Кенжеқыз Манекенова. 

Байланыстың нашарлығынан өзге өңірлердегі куәгерлерден жан-жақты жауап алу мүмкін болмады. Бұл - айыптаушылар мен адвокаттардың ашуын туғызды. 

Мемлекеттік айыптаушы куәгерге "нәресте туылғанда дәрігерлер дер кезінде тиісті көмек көрсетпеген бе?» деген сауал жолдады. Бірақ бұл сұраққа басты айыпталушы, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев қарсы шықты.

 Қылмыстық істің сотта қаралып жатқанына 4 айдан асты. Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты бас дәрігерден бөлек, оның төрт әріптесі айыпталып отыр. Олар базадағы құжатты өзгертпеу үшін тірі туған шақалақты мұздатқыш камерада қалдырды деп күдікке ілінген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары