Павлодар облысында жеңіл автокөлік пен трактор соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік апат 3 қазанда кешке болған. 21:00 шамасында Ақтоғай-Шолақсор тас жолының 63-шақырымында екі көлік соқтығысқан.
"ВАЗ 21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі МТЗ тракторы тасымалдаған тіркемемен соқтығысқан, тракторды 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - деді ведомство өкілдері.
Бұл факт бойынша тексеріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.