$ 498.34  519.72  4.85

Мешіттерге ұрлыққа түскен азамат 7 жылға сотталып кетті

Мешіттерде адамдардың ұялы телефондарын, әмиянын және құжаттарын ұрлаған.
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Өзбекстанның түрлі облыстарындағы мешіттерде ұрлық жасаған ер азамат жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы сentralasian.org-қа сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұры Қашқадария облысындағы Карши қаласындағы мешітте ұрлық жасау кезінде ұсталған.

Әндіжан тұрғыны Х.К. 2019 жылы жазда Ташкент, Самарқанд, Жизақ және Ферғана облыстарындағы мешіттерде адамдардың ұялы телефондарын, әмиянын және құжаттарын ұрлаған.

Тергеу барысында Х.К.-нің бұған дейін бес жылға сотталғаны мәлім болды.

Карши қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты ұрыны жеті жылға соттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары