Оқиғалар 10.10.2020 сағат 03:13

«Бетін балғамен ұрған»: Шымкентік келіншекті бұрынғы күйеуі өлімші етіп сабап тастады (ФОТО, ВИДЕО)

Оны мұндай күйге, азаматтық некеде болған бұрынғы күйеуі түсірген. Азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі оны ұдайы ұрып келген.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Күнгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық тиылмай тұр. Шымкент тұрғынын бұрынғы күйеуі өлімші етіп сабап тастаған. Бет-аузы қан жоса болған 22 жастағы келіншек туралы мәлімет әлеуметтік желіні кешелі бері шулатып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қорғансыз келіншектің адам шошырлық бейнесін әлеуметтік желіге  жәбірленушінің туыстары салған. Оны мұндай күйге, азаматтық некеде болған бұрынғы күйеуі түсірген. Азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі оны ұдайы ұрып келеді. Осы жолы қызымды қорлаған адам жазаланады деп үміттенемін.   Жәбірленушінің анасы бұл жолы полициядан емес, қоғамдық қордан көмек сұрапты. Өйткені, тәртіп сақшыларына сенуден қалған. Учаскелік инспекторды келіншек бір емес 5 рет шақырған. Нәтиже болмапты.

"Бұл бірінші ұрып-соғуы емес екен. Жаңа жылдың қарсаңында да үйінің жанында аңдып тұрып, көсеумен сабап қолын зақымдаған. Ауруханаға жатып шықты. Бірақ іс сотқа жетпеген. Ол жерде жалғыз учаскелік инспектор бар. Күдіктіні қорғаштайтын секілді", - дейді қоғамдық қордың жетекшісі Дина Смаилова.

Көршілерінің айтуынша, 22 жастағы келіншек досымен мұның алдында бірнеше рет ренжіскен. Бірге тұрмағандарына 2 жылға жуықтапты.

"Мен бұл отбасын жақсы танимын. Екеуі жараса алмады. Бір рет кешіріп, қосылған. Екінші рет айрылысқанында маған «онымен бірге тұру мүмкін емес» деген еді", - дейді жәбірленушінің танысы Галина Менщикова.

Жолдасын балғамен сабаған жігіт бүгін қамауға алынды. Полиция оны әуелі айықтырғышқа жеткізіпті. Тәртіп сақшылары барғанда күдікті удай мас болыпты. Қоғамдық дау туғаннан кейін бе полиция осы жолы "Азаптау" бабымен қылмыстық іс қозғады. Ал, бұрынғы арыздар тәртіп сақшыларында тіркелмеген көрінеді.

"Анықталып жатыр алдында жарақаттарын салғаны бойынша. Оны қазір қосымша сот сараптамалар тағайындаймыз, алған дене жарақаттары бойынша. Тексеру амалдарын жүргіземіз. Соның барысында анықталатын болады. Ол бірақ өзі полицияға алдын алған жарақаттары бойынша арызданбаған", - деді Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Әбдраманов.   

Қылмысы дәлелденіп жатса жігіт 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, егер мұның алдындағы соққылар дәлелденсе ондай жаза қатайуы әбден мүмкін. "Арызды қабылдамады" деген учаскелік инспекторға қатысты да қызметтік тергеу басталмақ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар