Павлодарда түнде сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өрт 12 қазанға қараған түні болды. Сағат 01.00-ге қарай "Арай" сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келгенде кірпіштен салынған төрт қабатты ғимараттың өртеніп жатқанын анықтайды. Бөтелкелер, кеңселер, шатыр - жалпы 1500 шаршы метр жер өртенген.
Өрт сағат 04.15-те ауыздықталып, 40 минуттан кейін толық сөндірілді.
"Өрт шығыны анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 77 адам мен 16 техника жұмылдырылды. Ешкім зардап шекпеді. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке жарық қалқанында токтың тұйықталуы себеп болуы мүмкін", - деп хабарлады облыстың ТЖД өкілдері.