$ 444.22  476.38  4.82

Көлік тізгінінен айрылып қалған Lexus жүргізушісі дөнер дүңгіршегіне кіріп кетті (ВИДЕО)

Жол апатынан кәсіпкерге шығын келді. Ешкім жарақат алған жоқ.
Фото: видеоан скриншот
Фото: видеоан скриншот

Алматыда Lexus ES-350 жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалып, дөнер дүңгіршегіне кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, түнгі сағат 02:00-дер шамасында Lexus ES-350 көлігін тізгіндеген жүргізуші М.Мәметова көшесімен келе жатып рөлден айрылып қалған. Сосын жиектасқа (бордюр), жарық бағанына соғылып, оның артында тұрған дөнер сататын дүңгіршекке жартылай кіріп кеткен.

Жол апатынан кәсіпкерге шығын келді. Ешкім жарақат алған жоқ.

Аталмыш оқиға бойынша Алмалы аудандық ПБ тексеру жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары