$ 442.05  474.14  4.74

Атырауда 20 жастағы бойжеткен көпірден секіріп көз жұмды

Өкінішке қарай, қызды құтқару мүмкін болмады.

Атырауда 20 жастағы қыз Жайық өзеніндегі көпірден секіріп кетті. Бұл туралы Baq.kz облыстық төтенше жағдайдар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментіне Балықшы ықшамауданындағы Жайық арқылы өтетін көпірден бойжеткен өзенге секіріп кетті деген қоңырау түсті. Қайғылы оқиға орнына құтқарушылар 12 минуттан кейін жетті. Өкінішке қарай, қызды құтқару мүмкін болмады. Құтқарушылар өзеннен 20 жастағы қыздың мәйітін алып шықты. Оқиғаныңң мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары