Нұр-Сұлтанда қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 қазанда кешке қарай Нұр-Сұлтанда болған. Байқоңыр ауданының аумағында күзетшілердің қасында бір әйел келіп, белгісіз ер адамның 1995 жылы туған қызын зорламақ болғанын айтты. Қыз қорыққанынан айқайлаған. Ал ер адам үйлердің ішімен қаша жөнелген.
"Күдіктінің болжамды белгілерін алған Ұлттық ұлан әскери қызметшілері келген полиция қызметкерімен бірге іздеуге кірісті және 20 минут ішінде сипаттамаға сәйкес келген азамат Б.-ны ұстады. Ол Ақмола облысының 1972 жылы туған тумасы болып шықты", - деп хабарлады Ұлттық ұлан.
Жәбірленуші күдіктіні таныды. Оны қосымша тергеу үшін Байқоңыр ауданының полициясына жеткізді.