Ленинград облысының Луга қаласында полиция өз ұлын тұншықтырғысы келген 1982 жылы туылған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz Life.ru басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы аймақ бойынша ХҚК Тергеу дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті.
"Ер адам алкогольдік мас күйінде бір жасар ұлының мойнын қысып, өлтірмек болған" - делінген хабарламада.
Мас әкенің жоспарды соңына дейін жеткізе алмағандығы, жұбайының баланы қолынан тартыпалғаны атап өтілді.
Қазіргі уақытта нәрестенің өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Әкесіне үстіне кәмелетке толмаған баланың өміріне қастандық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, оны ұстау мәселесі шешілуде.