19 жастағы бразилиялық ер адам жүкті сүйіктісін көлікке салып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz Dailymail басылымына сілтеме жасап.
Ер адам өзінен жүкті болып қалған көңілдесі мен оның құрбысын көлікке салып өртеп жібергені үшін сотталды. Құйтырқы әрекетті жүзеге асыру үшін оған тағы да төрт адам көмектескен.
Эллен Присцила Феррейраның жүкті болғанына төрт ай толғанда құрбысы екеуін 39 жастағы Эли Карлос пен Сантос көліктің ішінде тірідей өртеп жіберген.
Бразилиядағы G1 ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 19 жастағы күдікті және оның 36 жастағы жүкті әйелі қамауға алынғаннан кейін кінәлі екенін мойындаған.
Ерлі-зайыптылар Феррейра аборт жасаудан бас тартқаннан кейін ауыр қылмысты ұйымдастырғанын айтты.
Эллен Присцила Феррейра 17 қазанда Бразилияның Сан-Паулу қаласында өзінен нәресте күткен 19 жастағы үйленген жігіт тірідей өртеп жіберді. Полиция төрт адамды тұтқындады.