$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт «Атырау көпірінен» құлап кетті

Елорда полициясы тұрғындарға экстремалды фото жасаудың қауіпті екенін ескертті.
фото: silkadv.com
фото: silkadv.com

Кеше Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт Есіл өзеніне құлап кетті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атыраулық көпірден ер адам секіріп кетті деген хабарлама түсті. Ал оқиға орнына жеткен полицейлер 22 жастағы жігіттің селфи жасап жатқан кезде Есіл өзеніне құлап кеткенін анықтады. Ол жарақат алған жоқ, өзі жағалауға жүзіп жеткен», - деді полицейлер.

Сондай-ақ, елорда полициясы тұрғындарға экстремалды фото жасаудың қауіпті екенін ескертті.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда осыған ұқсас жағдай бір ай бұрын да болған. Ішімдік ішіп алған екі ер адам селфи жасау үшін Қабанбай батыр даңғылындағы көпірдің биігіне шығып алған. Куәгерлер хабарлаған соң, оларды жоғарыдан полицейлер келіп түсіріп алды. Енді екеуі 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары