$ 494.87  520.65  4.91

Рудный қаласында жеке үй отқа оранды: қаза тапқандар бар

Сонымен қатар, 2007 жылы туған бала түтіннен уланып, ауруханада қайтыс болды.

Рудный қаласында тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Рудный қаласы Б. Майлин көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнынан 1967 жылы туған үй иесінің мәйіті табылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, 2007 жылы туған бала түтіннен уланып, ауруханада қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары