$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде бозбала мен бойжеткен балконнан секіріп кетті

Олардың мәйітін тұрғындардың бірі таңсәріде көріп, дереу полицияға хабар берген.

Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен мен 18 жастағы бозбала көпқабатты үйдің балконынан секіріп өлді. Қыршын кеткен қос жастың мұндай қадамға неліктен барғанын ешкім айта алмай отыр.

Олардың мәйітін тұрғындардың бірі таңсәріде көріп, дереу полицияға хабар берген. Тексеру кезінде марқұмдардың бірі, 17 жастағы қыз балаға бір күн бұрын іздеу жарияланғаны белгілі болды. Жақындары оның жоғалып кеткені туралы тәртіп сақшыларына хабарлапты. Онымен бірге биіктен секірген жанындағы бозбала – досы екен. Қос қыршынның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары