Ең жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Ерасыл Шұқатаев (4-1) Алматыда өткен Alash Pride 37 турнирінде жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.
25 жастағы қазақ спортшының қарсыласы 24 жастағы қырғызстандық Темірлан Жұмабекұлы (5-5) болды. Ерасыл қарсыласына соққылар сериясын басынан жасаған хайкикпен аяқтап, қырғызстандық спортшыны ауыр нокаутқа түсірді.
Бұл Ерасылдың қатарынан төртінші жеңісі (Sherdog тұжырымынша). Ал Жұмабеклы қатарынан екінші рет жеңілді.