Оқиғалар 18.01.2021 сағат 15:40

Қостанай облысында қайғылы жағдай болды

ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады.
Қостанай облысында қайғылы жағдай болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанай облысы Қарабалық ауданында жеке тұрғын үйдегі өрттен ер адам қаза тапты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылдың 15 қаңтар күні Қарабалық ауылында Титов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдегі пәтер өртенді. Өрт туралы хабарлама сағат 12:46-да келіп түсті. 1953 жылы туған пәтер иесі кіреберіске жапсарлас орналасқан от жағу бөлмесі жана бастағанын байқаған. Өрттен қорыққан егде жастағы әйел адам көршілерінен дереу көмек сұраған. Өз кезегінде олар 101 нөміріне қоңырау шалды.

«Сағат 12:51-де келген өрт сөндіру бөлімі өртті жедел ауыздықтауға кірісті. Пештің жанындағы үй заттары өртеніп, 8 шаршы метр аумақта төбе плиталары жанған. Өрт ошағы ұлғайып, үйдің екінші жартысына таралу қаупі туындаған. Сондықтан, өрт сөндірушілер отты мейлінше тез ауыздықтауға екі өрт сөндіру оқпанын қолданды: біреуі тікелей өрт ошағына, екіншісі - жапсарлас үй-жайларды қорғауға бағытталды. Қалың түтін бүкіл тұрғын үйге таралған. Үй иесі оның 1974 жылы туған екінші топтағы мүгедек ұлы үйде қалғандығын хабарлған. 

Газ-түтіннен қорғау қызметінің үш адамнан тұратын буыны оны ең алыс орналасқан бөлмеден тапты. Ер адам түтінге уланғандықтан тыныстауы қиындап жатқан күйде табылды. Құтқарушылар оны көшеге шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Алайда, сағат 13:30-да ер адам есін жимастан орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Сағат 14:04-те өрт сөндірушілер өртті толығымен ауыздықтады. Өрттің шығу себебі - отты абайсыз қолдану» - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Оқиға орнында  өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, ауа райының суытуына байланысты жылыту пештерін жағуда қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болатын өрт шығу деректері айтарлықтай артуда. Сондықтан, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, үй заттары мен жанғыш материалдарды отқа жақын орналастыруға тыйым салынатынын ескертеміз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сіздің өміріңізді және  мүліктеріңізді аман алып қалатынын естеріңізден шығармаңыздар!
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар