$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Қуат Хамитовқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Қуат Хамитов өткен жылдың қыркүйегінде тікұшақтарға оқ атып, дезинфекциялаушы адамдарды соққыға жығу керек екенін айтқан болатын.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Спортшы Қуат Хамитовтың ісіне қатысты сот отырысы Алматыда өтіп жатыр. Қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралуда, деп хабарлайды Stan.kz

Соттың негізгі талқылауы 18 қаңтарда өтті.

"Алмалы аудандық соты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық істі қарайды", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Тағы оқи отырыңыз: Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

«Сабина, Қуатқа не істедің?»: Қуат Хамитов жанармай бекетінде жұмыс істеп жүр (ВИДЕО)

«Біз қазір соғыста жүргендейміз» - Қуат Хамитов

"Мемлекеттік қызметкерлердің заң талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" бабының санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Қуат Хамитов өткен жылыдң қыркүйек айында тікұшақтарға оқ атып, дезинфекциялаушы адамдарды соққыға жығу керек екенін айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары