$ 449.58  486.94  4.86

Қорлық көрген Қызғалдақ 50 миллион теңге талап етіп отыр

Өткен аптада Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігі, яғни «әлеуметтік желіде қорлау» бойынша соттың алдын ала тыңдауы өткен.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қызғалдақ Талғатқызы  өзін әлеуметтік желіде қорлаған адамнан осындай көлемде моральдық шығын талап етіп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызғалдақ Талғатқызы өзін әлеуметтік желіде қорлаған адамнан осындай көлемде моральдық шығын талап етуде. 

«50 миллион теңгені қайдан шығарды?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бірақ әрбір азаматтың моральдық шығын көлемін көрсетуге құқығы бар. Зорлауға қатысты істен кейін оған түрлі теріс, әдепсіз және қорлайтын сөздер айтыла бастады. Олардың ішінде Еркімбек Есенбаев белсенділік танытты. Осындай айыптаулардан соң, Қызғалдақ Талғатқызы депрессияға түсіп, денсаулығы нашарлаған. Қан қысымы көтеріліп бірнеше рет жедел жәрдем шақырған», - деді Қ.Талғатқызының адвокаты Альбина Бахтиярқызы.

Ар-намысын қорғау мақсатында желіде түрлі қорлау ұйымдастырған белсенді қатысушылардың бірін сотқа бердік дейді қорғаушы. Тіпті, өткен аптада Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігі, яғни «әлеуметтік желіде қорлау» бойынша соттың алдын ала тыңдауы өткен.

Былтыр Қызғалдақ Талғатқызының 14 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырап, сол оқиғадан соң бала тапқаны жалпақ жұртқа жеткенде қоғам пікірі екіге жарылған. Әсіресе жәбірленушіні қудалау әлеуметтік желілерде жалғасын тапқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары