$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбе шахтасындағы 4 жұмысшының өліміне жұмыс беруші айыпты

Жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

«Ақтөбе мыс компаниясы» шахтасында мерт болған төрт кеншінің өліміне жұмыс беруші айыпты. Арнайы комиссия мүшелері тексеріс соңынан осындай шешім шығарған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Тергеу нәтижесі жұмысшылардың жарылыстан кейінгі улы газға тұн шығып қалғанын көрсетті. Кеніштің бас инженері салғырттығынан, шахтада желдеткіш қосылмай қалған көрінеді. Оның үстіне, участок басшысы жұмысшылар қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген. 

Тағы оқи отырыңыз: Хромтауда қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды

Естеріңізге сала кетейін, Ақтөбе шахтасында қайғылы оқиға өткен жылдың соңы, желтоқсанның 30-ы күні болған. Кешкі жеті шамасында шахтада жарылыс болып төрт жұмысшы қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Сол күні 18-50 де осы мекеменің бас инженері Сафин бір установканы тоқтатып қойыңдар деп бұйрық береді. Олар бұрынғыдай жұмыстарын істеп болғаннан кейін, шығатын уақытта, взрыв сағат 19-00-де, 19-10 да взрывтан кейін байланысқа шықпай қалады. Сол кезде барып 19-10-да  сол вентиляцияны қайта қосып қояды", - деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Саламат Аманбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары