$ 494.87  520.65  4.91

Туған қыздарынан таяқ жеген әжей оларды кешірді

Әжейдің өміріндегі қиын жағдай туралы адвокат бірінші болып дабыл қақты. Оны өз қыздары мен күйеулер ұрып-соққан.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Шымкентте соққыға жығылған әже қыздарымен татуласты, енді зейнеткерге алимент төленетін болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы адвокат Еркін Каһаров Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ол Шымкент қаласының Абай аудандық сотына зейнеткердің балаларынан алимент өндіру туралы талап-арызбен жүгінген.

"Судья барлық процеске қатысушыларды медиация бөлмесіне шақырды. Қазы бітіспейтін сияқты көрінген тараптарды татуластырды, балалар аналарын құшақтап, бетіне сүйіп, қателіктерін мойындап, кешірім сұрады. Бір сөзбен айтқанда, талай медиация процесіне қатысып жүрмін ғой, бірақ осындай жақсы нәтижені бірінші көріп отырмын", - деп атап өтті құқық қорғаушы.
Сондай-ақ, ол әжейдің енді алимент алатындығын жеткізді.

Тағы оқи отырыңыз: Шымкентте қарт әжейді қыздары мен күйеу балалары ұрып тастаған (ВИДЕО)

"Әрине, шымкенттік менталитет үшін бұл жағдай стандарттан тыс, бірақ соған қарамастан, бұл жағдайда бұдан артыққа үміт арту қиынға соқты. Жақындарыңызға қамқор болыңыздар, жақсы көріңіздер, бәрібір одан артық жақын адам таппайсыздар, ондай болмайды да", - деді Каһаров.

Әжейдің өміріндегі қиын жағдай туралы адвокат бірінші болып дабыл қақты. Оны өз қыздары мен күйеулер ұрып-соққан. Себебі - олар ешқайсысының қатысы жоқ қарашақыраққа таласып, оны бөліспек болған.

Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары