Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Оқыс оқиға 8 ақпанда кешке таман болды.
Ер адам Сарыарқа даңғылы бойындағы көпірден секірмек болған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері көпірден аяғын салбыратып, енді секірмек болып отырған ер адамның үстінен түсті. Тәртіп сақшылары ер адамды сөзге тартып, оның назарын өздеріне аударды. Ер адамға әбден жақындаған кезде тәртіп сақшсылары оны шап беріп ұстап, көпір қоршауынан тротуарға сүйреп шығарды, дейді елордалық ПД баспасөз қызметі.
33 жастағы ер адам мас күйінде болған. Шарасыз әрекеттің себептері зерттелуде.