Оқиғалар 12.03.2021 сағат 10:00

Тележүргізуші тікелей эфир кезінде өліп кете жаздады (ВИДЕО)

Мұндай жағдайды ешкім күтпесе керек.
Тележүргізуші тікелей эфир кезінде өліп кете жаздады (ВИДЕО)
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Колумбиялық тележүргізушінің әріптестері декорацияның құлағанын көрсе де, оқыс жағдайдан кейін эфирді тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды sputnik.kz.

Колумбияда ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордуз бір ажалдан аман қалды. Кеше студиядағы тікелей эфир кезінде оның үстіне үлкен декорация құлап кетті, бірақ ауыр жарақат алған жоқ.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бәрі қас-қағым сәтте болды – мұндай жағдайды ешкім күтпесе керек. Жүргізушінің әріптестері есеңгіреп қалды, бірақ эфирді үзбей, матчқа қатысты түсініктеме беруін жалғастырды. Біраз уақыттан кейін жарнамаға кезек берілді, ал көрермендер интернетте Карлос Ордузға не болғанын сұрастыра бастады.

Тележүргізуші Twitter-дегі аккаунтына бірнеше хабарлама қалдырып, өзінің денсаулығына алаңдағандардың барлығын тыныштандыруға асықты.

"Кеше болған оқиға туралы маған жазғандардың барлығына жағдайым жақсы екенін хабарлаймын. Құдайға шүкір, медициналық тексеруден кейін дәрігерлер алаңдайтындай ауыр жарақат таппады. Тек мұрнымды көгертіп, ауыртып алдым, еш жерім сынбады", - деп жазды Ордуз.

Ол өзінің амандығы үшін алаңдағандардың барлығына алғысын білдірді.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар