$ 494.87  520.65  4.91

Теміртаудағы «Арселор Миттал» компаниясында жарылыс болды

Апат бүгін таңертең болған.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясындағы жылу орталығында жарылыс болды. Денекерлеу жұмысы кезінде апатта от тұтанып, екі адам оңбай күйіп қалған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Апат бүгін таңертең болған. Ыстыққа жақын тұрған бояу құйылған бөшке жарылып, арты қызыл жалынға ұласыпты. Осы кезде цехте болған екі жұмысшы оттан қашып үлгермеген.

Орталықтағы жөндеу жұмыстары тоқтап, апат салдарын тексеруге арнайы комиссия аттанды. Денесін күйік шалғандар ауруханаға шұғыл жеткізілген. 50 жастағы азаматтың кеудесі мен қол-аяғы өртке шарпылған. Ал 51 жастағы екінші жұмысшының денесінің 95 пайызы күйіп, ол ес-түссіз жатыр.

"Ауыр және терең күйік алған. Теміртау қаласының ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр. Жарақатының ауырлығына байланысты жолды көтере алмайтындықтын, Қарағандыға әкеле алмадық. Сол жерге білікті мамандарды жібердік. Денесінің 25 пайызы күйген екінші науқасты Қарағандыға жеткіздік", - деді Қарағанды облысы ДСБ ахуалдық орталық меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары