$ 443.85  474.3  4.8

«Бір адам қаза тапты»: Қарағандыда көпқабатты үйде жарылыс болды

Оқиға орнында құтқарушылар қаза болған адамды тапты.
фото: © instagram/ekaraganda.kz
фото: © instagram/ekaraganda.kz

Қарағандыда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйде жарылыс болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға сейсенбі, 1 маусымда, жергілікті уақыт бойынша 19.57-де болды. Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. Олардың айтуынша, жарылыс газ баллонынан болуы мүмкін.

Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді. Ведомство хабарына қарағанда, үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

"Бес қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде газ-ауа қоспасы жарылған, бірақ ол өртке айналмады. Оқиға салдарынан үйдің тіреуіш құрылымдары зақымдалмаған, тек пәтердің бөлмелері зақымданған", - деді ведомство өкілдері.

Оқиға орнында құтқарушылар қаза болған адамды тапты. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиғадан кейін үйдің басқа пәтерлерінен 10 адам эвакуацияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары