Алматыда төрт көлікті ағаш басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқару қызметінен көмек сұраған қоңыраулар түске дейін толастамаған. Алмалы ауданында - 2, Алатау ауданында - 1, Медеу ауданында - 1 жеңіл көлік дауылдың кесірінен зақымданған. Сондай-ақ, 109-құтқару қызметіне өту жолдарына, жаяу жүргіншілер аймағына және балалар алаңына бұтақтар мен ағаштардың құлағаны туралы 17 хабарлама келіп түскен.
"Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Барлық өтінімдер кезек тәртібімен өңделетін болады. Қатты жел туралы Алматы қ. ТЖД Қазгидромет РМК 2021 жылғы 03 маусымдағы ҚҚ № 06 Дауылды ескертуінің негізінде хабарланған болатын. Батыстан соққан жел екпіні 25 м/с дейін. Осыған байланысты жауын-шашын мен қатты жел кезінде тұрғындарға ағаштардың жанында тұрмау және олардың жанында көлік қоймауды ескертеміз",- делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.