$ 498.34  519.72  4.85

Полицей 14 жастағы жасөспірім жүргізген көлікке оқ атты

Қостанай облысы полиция департаменті оқиға 31 мамырда болғанын хабарлады.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Арқалықта полицейлер 14 жастағы жасөспірім тізгіндеген көлікті тоқтату үшін қару қолданды. Әлеуметтік желіде жасөспірімнің көлік тізгінінде отырған видеосы тарады. Кадрлардан баланың жанында нұсқаушы ретінде ер адам отырғанын көруге болады. Осы уақытта оларды полицейлер тоқтатады. Алайда ер адам боғауыз сөз айтып, балаға тоқтамай, жылдамдықты қосуды бұйырады. Полицейлер көлікті тоқтату үшін оқ атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы полиция департаменті оқиға 31 мамырда болғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында Mitsubishi Pajero көлігін тоқтатқан. Полицейлердің заңды талаптарын орындаудың орнына жүргізуші жасыра бастады. Ол қашамын деп тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, бірнеше рет апаттық жағдай жасады. Дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтатуға бірнеше рет бұйрық берді, жүргізушіге бағынбаған жағдайда табельдік қару қолданылатынын ескертті»», – деді полициядан.

Көлікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданып, жол талғамайтын көліктің артқы дөңгелегіне оқ атты.

«Көлікті 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала айдаған. Алдыңғы жолаушы орындығында 35 жастағы мас әкесі болған, оған қатысты 612-баптың 5 – бөлігі (Көлік басқару құқы жоқ адамға басқарма беру) және 613-баптың 1-бөлігі (Тоқтату туралы заңды талаптарды орындамау) бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды», – деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Табельдік қаруды қолдануға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Прокуратура келісімімен полиция қызметкері қаруды заңды қолданғаны анықталды.

14 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін қала әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясына жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары