$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда балық аулауға барған жігіт суға батып кетті

Досының айтуынша, ол спирттік ішімдік ішкен.

Оқиға Аққулы ауданы Қарақала ауылында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 23 қазан күні сағат 14:30-да Аққулы ауданында суға батып кеткен балықшы туралы хабарлама келіп түскен.

- Қарақала ауылынан 7 шақырым жерде, Ертіс өзенінің ағысында 1988 жылы туған ер адам суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кеткен. Ол 23 қазанда сағат 05:00-де досымен балық аулап жүрген. Досының айтуынша, спирттік ішімдік ішкен, - деді департаментте.

Сағат 11:35-те құтқарушылар жағадан 10 м қашықтықта ер адамның денесін алып шықты. Медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 2 техника, 1 жүзу құралы және полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары