Қызылордада №1 жолаушылар автобусы жүріп бара жатқан кезде өртенді. Оқиға кезінде ішінде 16 адам болған, - деп жазады tengrinews.kz.
"Қызылорда" автобус паркі" ЖШС-не тиесілі № 1 автобус толық жанып кетті. Автобус маркасы -Zhong Tong Bus. Ішінде 16 жолаушы болған, барлығы өз бетімен шыққан", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Сағат 13.53-те өрт ауыздықталды. Өрт сөндірушілер өрттің себебін анықтайды.
"Алдын ала болжам бойынша, қозғалтқыштың қысқа тұйықталуынан өрт шықты", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің тоғыз қызметкері мен үш техникасы барды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.