$ 444.32  473.33  4.76

Қарағандыда жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен.

"Құрамның ішінде бидай болды. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Қазір Жамбыл бөлімшесі учаскесінде поездардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары