$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент тұрғыны туған қыздарын бірнеше жыл бойы зорлап келген

Жантүршігерлік оқиға полицейлерге үлкен қызы тұрмысқа шығар алдында белгілі болды.
Фото: ашық дерекөзден
Фото: ашық дерекөзден

Шымкентте 3 жасөспірім қызды туған әкесі бірнеше жыл бойы зорлап келген, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл қылмыс туралы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахиддинов айтты.

«Оқиға өткен жылы болған. Қыздарының бірі әкесі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған кезде 5-сыныпта оқыған. Екіншісі де кәмелетке толмаған. Ал әкесінен қорлық көріп, құрбаны болған үшінші қыз – ең үлкені. Әкесі сотталғанға дейін бұл сұмдық жалғасқанын айтты»,- деді Шахиддинов.

Жантүршігерлік оқиға полицейлерге үлкен қызы тұрмысқа шығар алдында белгілі болды. Болашақ күйеуі әкесімен болған ортадағы әңгімеге куә болған. Ал анасы үйінде не боп жатқанынан бейхабар. Бәрі одан жасырын түрде орын алған.

Сот тергеуі барысында сотталушы кінәсін мойындамады. Алайда, қыздардың айғақтары мен сарапшының оны педофил деп тану туралы тұжырымы өмір бойы бас бостандығынан айыруға шешілді.

«Мен мұндай қылмыстарды қарауды ұнатпаймын. Қазір, өкінішке қарай, мұндайлар өте көп. Негізінен айыптаулар жас жәбірленушілердің айғақтарына негізделеді. Уақыт алшақтығы бар, мысалы, барлығы 2017 немесе 2018 жылдары болған, бірнеше эпизодтар бар. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар қылмыстың нақты күнін есіне алмауы мүмкін»,- деді Шахиддинов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары