28.08.2022, 10:17

Қазақ-қырғыз шекара аумағынан бір қап граната мен ірі көлемде қару-жарақ табылды

Қаптың ішінен 1 бірлік 5,6 мм калибрлі ұсақ калибрлі «Тоз 8» маркалы винтовка, РГД-5 гранатасы және 50 дана 5,6 мм калибрлі патрондар шыққан.

Жамбыл облысында қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері шекара аумағынан қапқа салынған қару-жарақ табылды. 

Жамбыл облысында республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстан - Қырғызстан шекара сызығынан шамамен бір шақырым жердегі ордан полиэтилен қапқа салынған қару-жарақ тапты.

«Өңірлік ҚАЖ департаментінің жедел уәкіл қызметкерлері тәркілеген қаптың ішінен 1 бірлік 5,6 мм калибрлі ұсақ калибрлі «Тоз 8» маркалы винтовка, РГД-5 гранатасы және 50 дана 5,6 мм калибрлі патрондар табылды», - делінген хабарламада.