Қызылордада 56 жастағы ер адам 43 жастағы танысын жарақаттап, қашып кеткен. Зардап шеккен әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жәбірленушіге шұғыл ота жасалған, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
“Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігімен "Адам өлтіруге оқталу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – делінген хабарламада.
Күдікті анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.