06.10.2022, 22:20

Алматы тұрғыны баласы дуаланғанын айтқан танысын пышақтап тастады

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді.

Алматы тұрғыны баласы дуаланғанын айтқан танысын пышақтап тастады, деп хабарлайды Stan.kz. Ішімдікке мас әйел телефон соғып “Балаң дуадан өледі. Мен балгерге 30 мың теңге беріп, дуалаттым” деп айтқан.

Оқиға 2022 жылдың 12 ақпанында болды. Айыпталушы жәбірленушінің үйіне мас күйінде келген. Ашуланған әйел асхана пышағын алып, құрбысының бел тұсынан пышақтап тастаған.

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты қылмыстық істі қарап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге кінәлі деп танылды, азамат К. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Зардап шеккен тарап сотқа келмеді.