$ 494.87  520.65  4.91

Ауылдасын буындырып өлтіріп, денесін Жайыққа лақтырып жіберген

Сотталушылардың бәрі де жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ауылдасын өлтірген А.Сысоевқа үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“А.Сысоев Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар қылмысты жасырғаны үшін А.Былинкин 432-бапқа сәйкес 4 жылға сотталды. Оның іс-әрекетінде қылмыстың қайталануы (бұдан бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген) ескерілді.

Сол секілді В.Соколов пен В.Стоякин осы бапқа сәйкес 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп жазды соттан.

Сотталушылардың бәрі де жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.

Сот талқысында белгілі болғандай, өткен жылдың 25 қарашасы күні шамамен 18.00-де Бәйтерек ауданы Январцев ауылында аталған төртеу ауылдасы Михаил Крайновпен бірге арақ ішкен. Сол кезде Сысоев пен Крайнов сөзге келіп қалған. Соны желеу еткен Сысоев өткір темір кесіндісімен Крайновтың денесіне бірнеше соққы жасаған. Құлаған кезде жіппен қылғындырып өлтірген.

Содан кейін қылмыстан жалтару үшін А.Сысоев А.Былинкин, В.Стоякин, В.Соколовпен бірге марқұмның денесін үйден алып шығып, мотороллермен апарып, Жайық өзеніне лақтырып жіберген.

Сотталушылар кінәларін мойындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары