13.10.2022, 22:05

Атырауда бір күнде екі жүкті әйел ауруханада қайтыс болды

Екі өлім де жүкті әйелдердің денсаулығы нашарлауынан болған.

Атырауда бір күнде ауруханада екі жүкті әйел ауруханада қайтыс болды. Екеуі де – Мақат ауданының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев арнайы өткізілген мәлім етті.

«Атырау облысында 12 қазанда екі ана өлімі тіркелді. Оның бірі – Атырау облыстық ауруханасында, екіншісі – Мақат ауданында. Бүкіл реанимациялық іс-шараға қарамастан дәрігерлер жүкті әйелдерді құтқарып қала алмады», - деді Асхан Байдуәалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың айтуынша, көз жұмған жүкті әйелдің бірі – 33, екіншісі – 34 жаста.

Екеуінің де артында балалары қалды. Екеуі де Мақат ауданының тұрғындары болған.

«Екі өлім де жүкті әйелдердің денсаулығы нашарлауынан болған. Жүкті әйелдердің өлімінің болжамды себебі ретінде септикалық шок, вирустық-бактериялық генезис, септикалық пневмония болуы мүмкін екені қарастырылып отыр. Түпкілікті себептер қызметтік тексеру, патология-анатомиялық аутопсия нәтижесінен кейін нақтыланады», -деді Жанар Садуова.

Басқарма басшысының дерегіне сүйенсек, былтыр Атырау облысында 20 жүкті әйел көз жұмған. Оның ішінде 16 әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болған.