$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау-Жетібай тасжолында жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді

Өрт сөндірушілер келген кезде салонда жолаушылар болмаған.

Ақтау-Жетібай тасжолында «Setra» маркалы жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қазан сағат 19:49-да Ақтау қаласынан 30 шақырым жерде Ақтау-Жетібай тасжолының бойында жолаушылар автобусы жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ» - делінген баспасөз мәліметінде.

«Setra» маркалы автобус 1988 жылғы шыққан.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкер 3 арнайы техникамен жеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде салонда жолаушылар болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары