Ақтау-Жетібай тасжолында «Setra» маркалы жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«17 қазан сағат 19:49-да Ақтау қаласынан 30 шақырым жерде Ақтау-Жетібай тасжолының бойында жолаушылар автобусы жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ» - делінген баспасөз мәліметінде.
«Setra» маркалы автобус 1988 жылғы шыққан.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкер 3 арнайы техникамен жеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде салонда жолаушылар болмаған.