22.10.2022, 22:10

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

Фото: Сурет: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.

22 қазанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында жол апаты орын алып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз - Миялы облыстық тас жолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты.

“Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді”,- Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда.

Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.