$ 448.89  477.93  4.76

Мас жүргізушісі полицейді басып кете жаздады (ВИДЕО)

Полиция қызметкері өзін таныстырып жатқанда көлік жүргізушісі газды басып, ұсталған жерінен қашып кеткен.

Қызылорда қаласында ұсталған жерінен қашып кеткен мас жүргізуші полицейді басып кете жаздады. Тәртіп бұзушы келесі көшеде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы оқиғаның видеосы қызметтік көліктегі бейнебақылау жүйесіне жазылып қалды.
Ресми мәліметке сәйкес, рейдтік шара кезінде түнгі сағат 00:45-де Қазақстан көшесінің бойында Mercedes benz көлігі тоқтатылды. Полиция қызметкері өзін таныстырып жатқанда көлік жүргізушісі газды басып, ұсталған жерінен қашып кеткен.

Алайда тәртіп сақшылары оны Торайғыров көшесінің бойынан ұстады. Наркологиялық сараптамаға сәйкес, ер адам орта дәрежеде масаң күйінде болған. Бірақ ол үшін ғана емес, полициядан қашқаны үшін де жазаға тартыды.

Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал полиция органдары қызметкерінің талаптарына бағынбағаны үшін 40 айлық есептік көрсеткіш (127 200 теңге)мөлшерінде айыппұл немесе үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы бар. Қазіргі кезде автокөлік айып алаңына қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары