$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында жауын суына 2 жасар бала тұншығып қайтыс болды

Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарындағы жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды.

Қатты жаңбырдың салдарынан Түркістан облысының 3 ауданында (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.

«26 қазанда сағат 01.00-ден 6.00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын жауды. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарындағы жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды. Сонымен қатар Қазығұрт ауылында 2 жасар баланың өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, үйдің аумағындағы жаңбыр суы толған шұңқырға құлап, көз жұмғаны анықталды», - делінген хабарламада.

ТЖМ аудандардағы табиғат апатына байланысты тұрғындарға ескерту жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары