$ 443.37  474.49  4.83

Алматыдағы автобазарда көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Көліктегі өрт тез таралып, көлік екі-үш минуттың ішінде жанып кетті.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz

Алматыда 13 желтоқсанда "Жібек жолы" автобазарында Ravon Gentra көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сағат 13:16-да полициядан ақпарат келіп түсті, көлік иесі өрт туралы акт алуды өтініп хабарласты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді", деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Иесінің айтуынша, Ravon Gentra автокөлігінен өрт шыққан, ол өрт сөндіру шараларын өзі қабылдаған соң арнайы қызметке жүгінген. Өрт өздігінен сөнді.

Көліктегі өрт тез таралып, көлік екі-үш минуттың ішінде жанып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары