$ 498.34  519.72  4.85

«Сұмдық оқиға»: Маңғыстау тұрғыны үш баласын өлтіріп, артынан өзі асылып қалған

Оқиғаға отбасылық жанжал негіз болған. Әйеліне өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтып аудио жіберген.
Фото: © elements.envato.com  /
Фото: © elements.envato.com /

Маңғыстау облысында ер адам балаларымен бірге өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды  Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздігінен асылып қалған белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түскен.

Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барған. Өздігінен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ, 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталған.

Тексеріс барысында Б. есімді азамат жіберген аудиожазба анықталған. Ол жұбайы Д. есімді әйелге өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болғаны және олардың ажырасқалы жатқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптының екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары