$ 443.37  474.49  4.83

Алматыдағы барахолкада ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Ол рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыдағы барахолкада жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат орнында түсірілген видео Instagram-пабликтерде жарияланды.

Полиция мәліметінше, соқтығыс салдарынан төрт адам жараланған.

"14 желтоқсанда таңғы сағат 8.10-да Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Солтүстік айналма жолында солтүстік бағытта келе жатқан. Ол рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan маркалы автокөлікпен соқтығысқан, ол соққыдан оң жақтағы Toyota-ға және одан әрі Isuzu көлігіне соқтығысқан. Төрт адам зардап шекті, оның ішінде екі жүргізуші мен екі жолаушы", - деді жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі өкілдері.

Бұл деректі Алматы қаласы Жетісу аудандық Полиция басқармасы қызметкерлері назарға алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары